|
Қарағанды қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкiмi аппараты басшысының міндетін атқарушы Б.С.Хусаиновқа жүктелсiн. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01/02 қаулысына қосымша
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 04/60 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2981 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда, «Индустриальная Караганда» 2015 жылғы 24 ақпанда № 22 (21773) және «Орталық Қазақстан» 2015 жылғы 24 ақпанда № 28 (21 913) газеттерінде жарияланған). 2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 05/09 «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2992 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда, «Индустриальная Караганда» 2015 жылғы 3 наурызда № 26-27 (21777-21778) және «Орталық Қазақстан» 2015 жылғы 3 наурызда № 32-34 (21 919) газеттерінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|