Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықтықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптары бекітілсін. 2. «Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6629 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов): 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|