Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 қазандағы № 693 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 3, 6-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР-ДСМ-130/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу қағидаларының 3, 7, 8, 11-тармақтарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21444 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН: 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының және олардың орынбасарларының 2021 жылғы қыркүйектен бастап қараша аралығы кезеңінде кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізілсін. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының және олардың орынбасарларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу жөніндегі аттестаттау комиссиясы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аттестатталатын адамдардың тізімі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу кестесі; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құрамда денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау шеңберінде тест тапсырмаларын қарау және бекіту жөніндегі сараптама комиссиясы бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|