Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 561 бұйрығымен күші жойылды
«Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерізді баспа басылымдарында ресми жариялауды; 2 ) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев 2015 жылғы 27 сәуір
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 350 бұйрығымен бекітілді
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi. 2. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|