12 жастан асқан балаларды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша халықпен ақпараттық-коммуникациялық жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 18-тармағының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12 жастан асқан балаларды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша халықпен ақпараттық-коммуникациялық жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы осы бұйрық қабылданған күннен бастап алты ай ішінде апта сайынғы негізде халықаралық тәжірибені ескере отырып, 12 жастан асқан балаларды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша халықпен ақпараттық-коммуникациялық жұмыс жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындасын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осы бұйрық қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясовқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 568 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|