Орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері: 1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес; 2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес; 3) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Күштері жойылды деп танылсын: 1) Алматы облысы әкімдігінің «Орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3464 тіркелген, 2015 жылдың 22 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|