|
Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 818-бабының 4-тармағына және 819-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары бекітілсін. 2. «Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 183 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 979 қаулысымен бекітілген
Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі) 818-бабының 4-тармағына, 819-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушы: 1) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі; 2) роялти; 3) экспортқа салынатын рента салығы; 4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаның, оның ішінде есептеу, өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша коммерциялық өндіру басталған күннен бастап өндірілген пайдалы қазбаның көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оны сату тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) агент - мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды сатуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға; 2) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар (бұдан әрі - пайдалы қазбалар) - жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін мұнай, күкірт; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|