Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 537, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 832, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 421/НҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 371 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың 2021 жылғы 24 маусымдағы № 21-05/05-2827 балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмасының 2-тармағының 2.2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілсін. 2. Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері осы бірлескен бұйрықты аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін. 3. Орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдар жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынсын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлеріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|