Өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы (2023.18.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.08.11. № 352 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2021.09.08. № 257 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.08.11. № 352 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс паспортының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|