Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының мынадай параметрлері (коэффициенттері) айқындалсын: 1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті; 2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті; 3) борыштық жүктеме деңгейі. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесі бекітілсін. 3. Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) мынадай шекті мәндері айқындалсын: 1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті - кемінде 0,12; 2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті - кемінде 0,14; 3) борыштық жүктеме деңгейі - 6:1 аспайды. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 250 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|