«Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 689 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 6 тамыздағы электрондық түрде жарияланған) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 689 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 5 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) өзгеріс енгізілсін: Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|