|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат): 22-баптың 3-тармағындағы «қорғаншылық және қамқоршылық органы» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат): 148-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа жоғары тұрған лауазымды адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Жоғары тұрған лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттердiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа арыз сотқа берiледi.». 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат): 1) 116-баптың 5-тармағындағы «немесе» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 126-бап мынадай редакцияда жазылсын: «126-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбi Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкін. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) арыз оларға жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін сотқа беріледі.»; 3) 167-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Экологиялық ақпарат беруден бас тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе анық емес экологиялық ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қолжетімділігі шектеулi ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызуға жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Экологиялық ақпарат беруден бас тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе анық емес экологиялық ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қолжетімділігі шектеулi ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызуға арыз оларға жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін сотқа беріледі.». 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат): 1) 156-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «түріндегі төлемдер;» деген сөздер «түріндегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «зейнеткерлік жасқа толған, орнынан түскен судьяларға төленетін өмір бойы ай сайынғы қамтылым түріндегі төлемдер;»; 2) 535-баптың 1-тармағында: 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) сот ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан - мүліктік емес сипаттағы талап қою арызын беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - мүліктік сипаттағы талап қою арызын беру кезінде алынатын және арыз беруші дауласатын сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің 50 пайызы;»; мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын: «15) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан - талап қою сомасының 1 пайызы; 16) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан - талап қою сомасының 3 пайызы.»; 3) 536-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын: «22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін - 50 пайыз;»; 4) 541-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) арыз берушілер - азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;»; 5) 547-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «105-1-бабында» деген сөздер «106-бабының үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 548-бапта: 1-тармақта: 1-1) тармақшадағы «немесе аралық сотқа» деген сөздер алып тасталсын; 1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-2) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда - толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта - сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;»; 1-3) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым немесе өтінішхат қайтарылған;»; 1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «азайтқан жағдайларда, қайтарылмайды.» деген сөздер «азайтқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) сот бұйрығы күшін жойған жағдайларда, қайтарылмайды.». 5. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат): 1) 107-баптың 4-тармағындағы «бес күн мерзімде» деген сөздер «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 125-баптың 9-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы психиатриялық стационардың өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі, оған психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы қоса беріледі.». 6. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат): 1) мазмұнында 182-баптың тақырыбындағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 174-баптың 2-тармағы «сәйкес» деген сөзден кейін «осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды сақтағаннан кейін» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 180-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шағымды қарау мерзімі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберілген жағдайда жауаптарды алған датаға дейін тоқтатыла тұрады.»; 4) 182-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын. 7. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат): 88-баптың екінші бөлігіндегі «күн» деген сөз «жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19- І, 19- ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 347-1 және 348-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейнетүсіру құралдарымен түсіріп алу»; «348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер»; 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-бөлім. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау»; 50-тараудың және 448 - 469-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 484, 485, 486, 487, 491, 492, 494, 495, 496, 665 және 666-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері 485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері 486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, ұсыну енгізуге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар 487-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау мерзімдері»; «491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер 492-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау»; «494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері 495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері 496-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының мазмұны»; «665-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау 666-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу»; 2) 7-баптың 14), 15) және 33) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «14) кассациялық саты - iстi бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына өтінішхаттар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы; 15) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;»; «33) өтінішхат - тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған, процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік шешім қабылдау туралы өтінуі, ал кассациялық сатыда - заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш;»; 3) 23-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Сот тараптардың істі бiрiншi және апелляциялық сатыларында қарау құқығын қамтамасыз етедi; сотталушы мен оның қорғаушысы және процеске басқа да қатысушылар істі кассациялық тәртіппен қарау кезiнде, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру және үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға жіберіледі. Сот әрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптаушы тарап атынан мемлекеттiк не жекеше айыптаушы өкілдік етуге тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.»; 4) 40-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Судья арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейiн инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшiн төлем жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен қарау кезiнде тоқтатса, iстi бiрiншi сатыда қараған соттың судьясы көрсетiлген әрекеттердi сот талқылауын өткiзбестен жеке-дара жүргiзедi.»; 5) 52-баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал төтенше жағдай және жаппай тәртіпсіздік жағдайы барысында кісі өлтіру, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді қарау айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырылады. 2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау алқаның кемінде үш судьясы бар құраммен алқалы түрде жүзеге асырылады, ал соттың қысқартылған тәртіппен қаралған, қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша, тергеу судьясының үкімін, қаулысын орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады. Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасы міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді. 3. Кассациялық сатыдағы сотта iстердi қарау алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі. 4. Осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде жеті) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.»; 6) 53-баптың екінші бөлігінің 8) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8) мәйітті эксгумациялауды санкциялауға, халықаралық іздестіру жариялауға, мүлікке тыйым салуға, қарап-тексеруге, тінтуге, алуға және жеке тінтуге құқықты.»; 7) 55-баптың бірінші бөлігі 12) тармақшасындағы «іздеу жариялау мәселелерін қарайды.» деген сөздер «іздеу жариялау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) - 16) тармақшалармен толықтырылсын: «13) қарап-тексеруді санкциялау; 14) тінтуді санкциялау; 15) алуды санкциялау; 16) жеке тінтуді санкциялау мәселелерін қарайды.»; 8) 58-баптың төртінші бөлігіндегі «454 (бесінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын; 9) 70-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3) күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне және процестік әрекеттерге, оның ішінде қарап-тексеруге, тінтуге, алуға қатысуға;»; 10) 71-баптың алтыншы бөлігінің 13) және 14) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «13) өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;»; 11) 87-бапта: үшінші бөлігінде «немесе қадағалау тәртiбiмен» деген сөздер алып тасталсын; алтыншы, жетінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «6. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті кассациялық сатыда қарауға қатыса алмайды. Істі кассациялық сатысында қарауға қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға, сондай-ақ осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігіндегі тәртіппен кассациялық сатының қаулыларын қайта қарауға қатыса алмайды. 7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.»; «12. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасалуға (наразылық келтірілуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы дәлелдер апелляциялық шағымға немесе кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарау өтінішхатына, наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.»; 12) 107-бапта: бірінші бөлік 9) тармақшасындағы «жөніндегі қаулысына шағым жасауға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы.» деген сөздер «жөніндегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді санкциялау туралы немесе санкциялаудан бас тарту туралы қаулысына шағым жасауға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Шағым беру немесе наразылық келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.»; 13) 122-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосып тігу үшін ауызша да, жазбаша да, не электрондық құжат нысанындағы мәліметтерді, сондай-ақ нәрселер мен құжаттарды күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жекеше айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар беруге құқылы.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |