«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 18 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12782 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады. Бұл ретте «Прокуратура туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі - әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеуді өткізу күні, жұмсалған уақыт, дұрыс жауаптардың саны көрсетілген тестілеудің нәтижесі беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|