Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы (2025.26.04. берілген өзгерістермен)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8333 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 257 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|