Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы (2018.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына және 31-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.19.03. № 115 бұйрығымен 2-тармақ алып тасталады (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|