ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 62-баптың екінші бөлігіндегі «бұзушылық, сондай-ақ» деген сөздер «бұзушылық, лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 89-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «Жұмыс берушінің» деген сөздерден кейін «не қабылдаушы тараптың» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 90-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «құқығын» деген сөзден кейін «, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын; 1-баптың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5) 328-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан болатын ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. 1-баптың 5) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңының 2-бабының редакцияда қолданылды Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|