|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2022.18.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (3-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) тиісті разрядтағы жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында бар, оларды орындау күрделілігіне тиісті құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарды қамтиды. 2. БТБА Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген. 3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Автоматика аспаптары мен жүйелерін монтаждаушы, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы: дайын белгілер бойынша құбырлық және электр сымдары үшін бекітпе бөлшектерін орнату; жауапты емес бөлшектерді бұрандалау; жабдықты бумадан босату және бума материалдарын жинау; жабдық пен аппаратураны тазарту және сүрту; аппараттарда, кабельдерде, құбырлар мен жабдықтар үшін таңбалық биркалар әзірлеу және орнату; құбырларды, вентильдерді, фасонды бөлшектерді, бекітпе бөлшектерін сұрыптау, қосалқы материалдар әзірлеу; бөлшектерді егеп кесу және бұранданы қолмен кесу; құбырлар мен қысым арматурасын монтаждауға дайындау. 5. Білуге тиіс: жабдықты бумадан босату тәсілдерін; ең қарапайым такелаждық құрылғылардың түрлері және оларды пайдалану ережелерін; бекітпе бөлшектерінің негізгі түрлерін; слесарлық аспаптың мақсатын; аспаптар мен аппаратураны монтаждау кезінде қолданылатын құбырлар мен материалдардың түрлерін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|