Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы (2022.26.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 15509 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларының 33-тармағына, Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның 2019 жылғы 2 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 333 «Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қаңтарда электрондық түрде жарияланған, «Дидар» газетінде 2018 жылғы 20 қаңтарда және «Рудный Алтай» газетінде 2018 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|