Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы (2022.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.31.03. № 15/қе бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін. 2. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.31.03. № 15/қе бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|