Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы (2024.20.01. берілген өзгерістермен)
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 22) және 23) тармақшаларына, 24 және 25-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулық; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының басшыларына, облыстар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының басшыларына, облыстар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|