«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін хабардар етіп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша) ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп тұрсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 61-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|