Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық қызметі туралы (2021.20.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасының 3.33-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық қызметінің регламенті; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру офисінің ұйымдастырушылық құрылымы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Білім және ғылым вице-министрлеріне «Базалық бағыттың жетекшісі» жобалық рөлдері бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Базалық бағыттар жетекшілеріне, жобалар топтарының жетекшілеріне Мемлекеттік бағдарламаның тиісті Базалық бағытының жылдық, оның ішінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлары мен нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін дербес жауапкершілік жүктелсін. 4. Осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде Базалық бағыттар жетекшілеріне (вице-министрлерге): 1) толық жұмыс жағдайында әрбір Базалық бағыт бойынша Базалық бағытты басқару тобы (бұдан әрі - БББТ) жетекшісінің, БББТ Бас менеджері мен Әкімшісінің кандидатураларын анықтасын; 2) мүдделі тараптарды тарта отырып, жобалар топтарын қалыптастырсын және Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін; 3) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|