«Құқық қорғау органдарында келушілерді электрондық есепке алу тәртібі туралы» Нұсқаулықты бекіту туралы (2021.24.02. берілген өзгерістермен)
Заңдылықты одан әрі нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, сондай-ақ кезекші прокурорлардың құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдерімен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Құқық қорғау органдарында келушілерді электрондық есепке алу тәртібі туралы» қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін. 2. Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі құқық қорғау органдарының басшылары кезекші прокурорлардың кабинеттерін, кезекші бөлімдердің бекеттерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Бірыңғай бірегейлік статистикалық жүйесі автоматтандырылған жұмыс орнымен, пайдаланушыларды қажетті құқықтар мен міндеттемелерді ұсына отырып тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуіне шара қолдануды. 4. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 156/697 «Облыс орталықтарының және ірі қалалардың ішкі істер органдарында келушілерді электрондық есепке алудың тәртібі жөнінде» Нұсқаулықты бекіту туралы» бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары бірінші басшыларының орынбасарларына, Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі құқық қорғау органдарының басшыларына жүктелсін. 6. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|