Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы (2021.26.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 99 Қаулысымен жоспарлау жүйесі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) - елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестері мен қатысушыларынан тұратын өзара байланысты элементтер кешені. 2. Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.
2-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қағидаттары
3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) ішкі теңгерімділік - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының даму мақсаттары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері бойынша үйлесуін қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|