Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. А. Қашақовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 29 қаулысынақосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2869 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 307 «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2873 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|