Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ: 1. Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26001 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 1 030 714 024 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 813 018 325 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 4 099 585 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 35 369 200 мың теңге; трансферттер түсімдері – 178 226 914 мың теңге; 2) шығындар – 991 638 961,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 14 097 244 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 47 399 396 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 47 736 396 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -22 421 577,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 22 421 577,2 мың теңге.»; 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 8 102 607 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. Қорғаныс шығындары 6 354 778 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 24 099 877 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «9. Білім беру шығындары 280 527 597 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «10. Денсаулық сақтау шығындары 41 235 175 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|