Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы (2022.30.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.27.01. № 108 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.04.03. № 118 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясының 2022.20.06. № 145 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2022.30.09. № 176 шешiмiмен (2022 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXX сессиясының 2022.30.11. № 190 шешiмiмен (2022 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 1 204 505 203,7 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 957 912 923 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 18 178 105,7 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29 448 068 мың теңге; трансферттер түсімдері – 198 966 107 мың теңге; 2) шығындар – 1 108 492 152,9 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 20 669 679 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 115 477 768 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 115 907 768 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40 134 396,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 40 134 396,2 мың теңге. 2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|