Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 915 Қаулысы (2020.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 915 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға бағытталатын резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2020.07.04. № 182 Қаулысмен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|