Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы (2025.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2025.30.05. № 293 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2025 ж. 4 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ведомствоішілік қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын нормативтік құқықтық актілер. 2. Нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер. 3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын (бұдан әрі - ББС), сондай-ақ ББС-ға өзгерістер мен толықтырулар жасау және енгізу қағидаларын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|