Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы (2014.15.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушы ғылыми-инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің технологиялық бірлігінің сақталуын қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 772 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Техника қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1154 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 392-құжат): 1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын. 3. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 772 қаулысында: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде: реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын. 4. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 100-жол алып тасталсын.
|