Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығы
(2022.16.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.30.11. № 388 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.30.11. № 388 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.