|
Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (2024.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.07. № 208 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова): 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.20.12. № 521 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығымен бекітілген
Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.07. № 208 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|