2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы (2021.26.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2021.26.03. № 24 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға 1-қосымшаға сәйкес, келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 8 552 202 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 2 307 641 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 21 533 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 43 454 мың теңге; трансферттер түсімдері - 6 179 574 мың теңге; 2) шығындар - 10 428 142 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - алу 7043 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 7043 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 1 868 897 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 868 897 мың теңге: қарыздар түсімі - 1 356 729 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 512 168 мың теңге. 2. 2021 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында 4-қосымшаға сәйкес жоғарғы бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер ескерілсін. 3. Қалалық бюджетте қалалық бюджеттен Ақтас кентінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі ескерілсін, оның ішінде: 2021 жылға - 273 057 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|