Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы (2014.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16, 18, 116, 118, 119-баптарына сәйкес және Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін мекемелер жұмысшыларының ұсыну, қарау және келісу ережесі бекітілсін. 2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Әбденов С.С.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін. 3. «Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізімде 1999 жылғы 17 мамырда № 760 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 56-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|