ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.28.01. № 38 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 3-қосымша
«Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (2021.28.01. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетілетін алу үшін www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді. «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет стандарты). Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтерге арналған стандартта көрсетілген. 5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|