Қызылорда облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса берілген Қызылорда облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 144 шешіміне қосымша
Қызылорда облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары
1. Осы Қызылорда облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi - Заң), «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығы сәйкес әзірленді және Қызылорда облысы аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға; 2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам; 3) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|