Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы (2024.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.15.04. № 207 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 193 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11723 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған); 2) «Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11721 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|