2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27245 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|