Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 332 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 110 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 285 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15425 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 332 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2884 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «12) «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»; келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»; «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|