Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және сату қағидасын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-228/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу қағидасы бекітілісін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова 2015 жылғы « » _____________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы « » _____________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы « » _____________
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 154 бұйрығымен бекітілген
Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және сату қағидасы
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|