Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 111/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 шешімімен күші жойылды
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 111/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5461 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 26/4 шешіміне қосымша
Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 111/15 шешіміне қосымша
Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Екібастұз қаласының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|