|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы
2013 жылғы 2 сәуірде Нью-Йоркте жасалған Қару саудасы туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) оның 13-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы мынадай мәлімдемемен ратификациялансын: «Қазақстан Республикасы Шарттың объектісі мен мақсаттарын тани отырып және Шарттың 28-бабына қарамастан, Шартты қолдану кезінде Шарттың орыс тіліндегі мәтінінің 13-бабының 2-тармағындағы «қайта бағыттау» деген термин «заңсыз қайта бағыттау» деп түсінілетінін мәлімдейді».
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қазанның 31-і. № 104-VІ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |