«Сәтбаев қалалық мәслихатының «2021 - 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 шілдедегі № 83 шешімі
ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2021 - 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22015 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2021 - 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 39 910 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 025 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 37 885 мың теңге;
2) шығындар - 40 921 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 011 мың теңге.»;
2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. 2021 жылға арналған Жезқазған кентінің бюджеті түсімдерінің құрамында жергілікті бюджеттен Жезқазған кентінің бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 37 885 мың теңге сомасында ескерілсін.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2021 жылғы 7 шілдедегі
№ 83 шешіміне қосымша