«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы (2024.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 152 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағы 32), 33), 45) және 62) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|