Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы (2024.21.01. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикаы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңына сәйкес және сот сараптама органдарының сот сарапшыларының (бұдан әрі - сот сарапшылары) және лицензия негізінде сот-сарапшылық қызметті жүргізетін тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиаттар) біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Сот сарапшыларының және лицензиаттардың біліктілігін арттыру сот сарапшылары және лицензиаттар ретінде өз функцияларын орындауға қажетті кәсіби білімін мен машығын дамыту мен тереңдету мақсатында жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|