Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Iшкi iстер министрлігінiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталсын. 2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шілдедегi № 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде: «Облыстық, Астана, Алматы қалалары, көлiктегi iшкi iстер басқармаларының (бac басқармаларының) бастықтары» деген жолдағы «Лауазымы» деген бағандағы «басқармаларының (бac басқармаларының)»деген сөздер «департаменттерiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: 5-тармақтың екінші абзацында «ҚІІБ (IIБ)»деген аббревиатуралар «iшкi iстер департаменттерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы 2005 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi
1. Астана қаласының Iшкi iстер бас басқармасы Астана қаласының Iшкi iстер департаментiне. 2. Ақмола облысының Iшкi iстер бас басқармасы Ақмола облысының Iшкi iстер департаментiне. 3. Ақтөбе облысының Iшкi iстер басқармасы Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментiне. 4. Алматы қаласының Iшкi iстер бас басқармасы Алматы қаласының Iшкi iстер департаментiне. 5. Алматы облысының Iшкi iстер бас басқармасы Алматы облысының Iшкi iстер департаментiне. 6. Атырау облысының Iшкi iстер басқармасы Атырау облысының Iшкi iстер департаментiне. 7. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер бас басқармасы Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 8. Жамбыл облысының Iшкi iстер басқармасы Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментiне. 9. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер басқармасы Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 10. Қарағанды облысының Iшкi iстер бас басқармасы Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментiне. 11. Қызылорда облысының Iшкi iстер басқармасы Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментiне. 12. Қостанай облысының Iшкi iстер бас басқармасы Қостанай облысының Iшкi iстер департаментiне. 13. Маңғыстау облысының Iшкi iстер басқармасы Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментiне. 14. Павлодар облысының Ішкi iстер басқармасы Павлодар облысының Iшкi iстер департаментіне. 15. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 16. Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер бас басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 17. Көлiктегi Батыс iшкi iстер басқармасы Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментiне. 18. Көлiктегi Орталық iшкi iстер басқармасы Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментiне. 19. Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер басқармасы Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментiне.
|