«2021 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2021 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2022 жылы пайдалану (толық пайдалану) және «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына, 44-бабының 5-тармағына және 104, 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2021 жылғы республикалық бюджеттің бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындаулары ұлғайтылсын. 2. «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2022 жылға мынадай: 1) кiрiстер – 12 848 935 138 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 8 919 134 985 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 286 053 324 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 251 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 641 495 829 мың теңге; 2) шығындар – 15 787 153 437 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 106 429 972 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 263 831 891 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 157 401 919 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 2 999 943 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 2 999 943 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы – -3 047 648 214 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 пайызы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|