«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2020 - 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін. 2. Қоса беріліп отырған «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 - 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 545 қаулысымен бекітілген
«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 - 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - ҚАТУ) 2020 - 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеу негіздемесі 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 3) «Білім туралы» 27 шілдедегі 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|