Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы (2024.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 213 Қаулысын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері; 3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 603 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.10.07. № 437 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|