|
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 115-1) тармақшамен толықтырылсын: «115-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерін газ тарату жүйесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «124) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 124-1) тармақшамен толықтырылсын: «124-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 388-1), 388-2), 388-3), 388-4), 388-5), 388-6), 388-7), 388-8), 388-9), 388-10), 388-11), 388-12), 388-13), 388-14), 388-15), 388-16) және 388-17) тармақшалармен толықтырылсын: 1-тармақтың он бірінші - он үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі «388-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 388-2) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|